2024 жылдың 11 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен мұражайға жауапты педагогтерге «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Мұражай сабағы – білім берудегі заманауи технология»тақырыбындағы көрме-экскурсиясын өткізді.
Көрме-экскурсияға білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары мен Абай ауданының мектеп мұражайларының жұмысына жауапты педагогтер қатысып, төрт топқа бөлініп, әр топ 2 мектеп мұражайына барды. Олар үшін арнайы мұражайлар тақырыпқа байланысты сыныптан тыс іс-шаралар: театр қойылымы, шеберлік сыныптары, викториналар, квесттер, тақырыптық өлеңдер оқу және патриоттық әндер орындалды.
Көрме-экскурсияда Шахтинск қаласының «Ә.Бөкейханов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы» және «Аманат» «С.Асфендияров атындағы ЖББМ» КММ мұражайы, «Шахтинск қаласының тарихы» «Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ және «Ауған жолдары бойынша естелік» мұражайы «№6 ЖББМ» КММ, «Естелік» жауынгерлік даңқ мұражайы» «С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ және «Шахтинск қаласының тәжірибелі мұғалімдері – ұлы тәлімгерлері» «Е. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ мұражайы, «Тәуелсіздік» мұражайы «№11 ЖББМ» КММ және «Қазақстан астанасының мұражайы» «№4 ЖББМ» КММ өлкетану мұражайларының жұмыс істеу әдістерімен таныстырып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.