2024 жылдың 15 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Саран қаласының "Балғын" бөбекжайы» КМҚК базасында "Эмоциялар немесе интеллект? Нені дамыту маңызды?"Мен бақытты баламын" жобасы аясында облыстық семинар-практикум ұйымдастырып өткізді. Жобаның мақсаты: тиімді құралдар мен әдістерді қолдану арқылы 3-5 жастағы балалардың эмоционалдық саласының дамуы мен психопрофилактикасына жағдай жасау.
Семинарға қатысушылар 3-5 жастағы балалардың эмоционалдық саласын дамыту және түзету үшін белсенді және тиімді әдістерді, тәсілдерді, жұмыс түрлерін, ойындар мен жаттығуларды ұсынды. "Мен бақытты баламын" жобасы бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу және жалпылау әдістемелік материалдың жинақтау базасын құруға және тығыз ынтымақтастық пен жоба жұмысын жалғастыру үшін алаңды қалыптастыруға ықпал етті.
Семинарға Қарағанды облысының 13 мектепке дейінгі ұйымы, осы жобаға қатысушылар саны 52 адам қатысты.