2024 жылдың 15 сәуірінде 2023-2024 оқу жылдарындағы білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығының қолдауымен «Отбасы тәрбиесі, оның қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайдағы ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты - колледж студенттерінің әлеуметтенуін қолдау, отбасы құндылығын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Облыстық семинарға Қарағанды облысы колледждері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- психологтар мен әлеуметтік педагогтары қатысты.
Семинарда «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ, «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық қорының Қарағанды филиалының, Қарағанды облысы полиция департаменті жанындағы «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы» басшылыры және психолог, заңгер, отбасын қолдау қоғамдық ұйым өкілдері, полиция қызметкерлері мен педагог-әдіскерлер отбасылық құндылық, бала тәрбиесі және отбасындағы зорлық-зомбылық, қауіпсіздік, білім беру, т.б. тақырыптарын талқыға салды.