Қарағанды облысының мектептерінде 2024 жылдың 15 сәуірінде білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды. Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау мониторингі - бұл оқушылардың білім сапасын бақылаудың тәуелсіз құралы, оған облыстың 114 ұйымынан төртінші және тоғызыншы сынып оқушылары, барлығы 11692 оқушы қатысатын болады.
Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Оқушылар тестілеуді компьютерлік форматта тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктері үшін әртүрлі контексттік факторларды анықтау үшін БЖБМ шеңберінде сауалнама да жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтарға, мектеп басшыларына және 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған.
БЖБМ - бұл оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың білім сапасын анықтайтын қазақстандық ұлттық зерттеу.
Оқушыларымыздың тестілеуден сәтті өтулеріне тілектеспіз!