Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Семей – Невада қозғалысына 35 жыл» тақырыбындағы вебинар
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2024 жылдың 16 сәуірінде қалалық және аудандық білім бөлімдерінің экология бағытында жетекшілік ететін әдіскерлері, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы орынбасарлары, «Eko-Bolashak» экологиялық сынып эксперименттік жобасындағы пилоттық мектептер мен жаратылыстану бағытындағы педагогтерге «Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Семей – Невада қозғалысына 35 жыл» тақырыбында онлайн форматында вебинарөткізді.
ВебинарғаКәріпбек Күйіков, суретші, Семей полигонын жабуға мұрындық болған халықаралық антиядролық қозғалыс белсендісі,
Вебер Анастасья Викторовна,Шахтинск қаласы, «№8 ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі, Апашева Нургуль Жуматовна, Қарқаралы ауданы, «К.Смайлов атындағы тірек мектебі жанындағы интернат» КММ биология пәнінің мұғалімі қатысты.
Қатысушылар «Семей–Невада» антиядролық қозғалысы мен Семей полигонының елімізге тигізген зардаптары туралы, экологиялық мәселелер туралы ойларымен бөлісті.