2024 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінде Қарағанды қаласы мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша «JasSkills 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді.
«JasSkills» кәсіби шеберлік чемпионатының негізгі миссиясы - оқушыларға тез өзгеретін әлемде саналы түрде мамандық таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға және болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру.
Байқауға қатысушылар 2 модульді орындады: шие соусы бар құймақ және «Цезарь» салатын дайындады.
Қатысушыларды бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді. Тәуелсіз сарапшылар ретінде Қарағанды қаласының жетекші кәсіпорындарының өкілдері шақырылды:
- «Сенатор» мейрамханасының бас аспазшысы - Хабибуллин Тимур Александрович;
- «Time» рестобарының басқарушысы - Турикович Екатерина Константиновна;
- «Life Garden» мейрамханасының аспазшысы - Шаштыбаев Гарифолла Қайдарұлы.
Сарапшылар оқушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және болашақ мамандыққа деген үлкен қызығушылықты атап өтті.
Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
- 1 орын - Эдель Анжелика, №83 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
- 1 орын - Шолленберг Вероника, №59 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
- 2 орын - Люлькин Кирилл, №83жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
- 2 орын - Филиппова София, №78 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
- 3 орын - Алшымбекова Мөлдір, №18 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
- 3 орын - Дурова Анна, №78жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.