«Оқу үрдісінде STEАM технологиясын пайдалану» тақырыбында ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
18-04-2024 10:03
«Оқу үрдісінде STEАM технологиясын пайдалану» тақырыбында ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР

      2024 жылдың 18 сәуірі күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, жаратылыстану-математика пәндерінің және бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқу үрдісінде STEАM технологиясын пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Табысқа жету тарихы: STEAM әлеміндегі мектеп жолы;
  • STEAM box - мектептерде STEAM әдістемесін насихаттау құралы;
  • STEAM технологиясын бастауыш мектепте жаратылыстану сабақтарында қолдану;
  • STEAM жобалау әдістемесі - математика және информатика сабақтарында;
  • Физика сабағында STEAM - оқыту технологиясын қолдану.

Осы тақырыптар бойынша келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;

Жапанова Галия Толепбергеновна, Қарағанды қаласы «№33МБК» КММ директоры;

Колчева Наталья Владимировна, Қарағанды қаласы «№33МБК» КММ облыстық сертификаттаудың STEAM бойынша жаттықтырушысы, химия пәнінің мұғалімі;

Бушуева Ольга Ивановна, Ючкова Светлана Викторовна, Қарағанды қаласы «№33МБК»КММ бастауыш сынып мұғалімдері;

Хорошилова Татьяна Александровна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ  республикалық сертификаттаудың STEAM бойынша жаттықтырушысы, математика және информатика пәндерінің мұғалімі;

Степашова Татьяна Алексеевна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі.