2024 жылдың 18 сәуірі күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, жаратылыстану-математика пәндерінің және бастауыш сынып мұғалімдеріне «Оқу үрдісінде STEАM технологиясын пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
- Табысқа жету тарихы: STEAM әлеміндегі мектеп жолы;
- STEAM box - мектептерде STEAM әдістемесін насихаттау құралы;
- STEAM технологиясын бастауыш мектепте жаратылыстану сабақтарында қолдану;
- STEAM жобалау әдістемесі - математика және информатика сабақтарында;
- Физика сабағында STEAM - оқыту технологиясын қолдану.
Осы тақырыптар бойынша келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
Жапанова Галия Толепбергеновна, Қарағанды қаласы «№33МБК» КММ директоры;
Колчева Наталья Владимировна, Қарағанды қаласы «№33МБК» КММ облыстық сертификаттаудың STEAM бойынша жаттықтырушысы, химия пәнінің мұғалімі;
Бушуева Ольга Ивановна, Ючкова Светлана Викторовна, Қарағанды қаласы «№33МБК»КММ бастауыш сынып мұғалімдері;
Хорошилова Татьяна Александровна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ республикалық сертификаттаудың STEAM бойынша жаттықтырушысы, математика және информатика пәндерінің мұғалімі;
Степашова Татьяна Алексеевна, Қарағанды қаласы «Қ.Сәтбаев атындағы гимназия» КММ физика пәнінің мұғалімі.