«Мен болашақ заңгермін» тернинг-ойыны
«Жас заңгер» бейіндік жобасын іске асыру барысында 2024 жылдың 16 сәуірінде Теміртау жоғары политехникалық колледжі Теміртау қаласындағы «Б. Момышұлы атындағы мектеп-лицейі» КММ қатысуымен «Мен болашақ заңгермін» тернинг –ойынын өткізді. Ойын барысында мектеп оқушылары өздерінің құқықтық білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Жалпы кездесу қатысушылардың құқықтық білімге деген қызығушылығын арттырып, жоғары көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар оқушыларға заңгер, құқықтанушы мамандықтары бойынша бейіндік насихаттау жұмысы жүргізілді. Іс шараға 34 оқушы қатысты