Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ Қарағанды облысы арнайы мектеп-интернат педагогтерімен ресурстық алаңның «Green Schools» тәжірибе алмасуын өткізді.
Қатысушылардың тәжірибе алмасуы бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылды: заманауи экологиялық интеллектуалды ойын КВИЗ «Green Schools» Калимбетова Гульжан Абдуллаевна, ҚО ББ «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мұғалім-дефектолог, Рогожина Светлана Александровна мұғалім-дефектолог, Усольцева Ольга Владимировна, жоба қызметінің үйлестірушісі мұғалім-дефектологтар өз тәжірибелерін ұсынды. TEDx форматында «№6 арнайы мектеп-интернат» КММ және №10 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалім-дефектологтері Жумабекова Самал Сериковна, Касымова Ляззат Куанышбековна, Есенкулова Алма Аскаровна, Кайшманова Алма Кожаевна өз тәжірибелерімен бөлісті. Экокэйс үлгісін «№1 арнайы мектеп-интернатының» КММ мұғалім-дефектологтері Горбань Мария Николаевна, Умарова Айман Джаксыбаевна, Хикметова Гульмира Кайратовна ұсынса, «Экология және біз» видеофильмін Жолдасбаева Меруерт Исаиновна, Ибрашева Салтанат Тортаевна «№3 арнайы мектеп – интернаты» КММ тәрбиешілері, көрсетті. «Табиғатты қорғау іс-шараларының» скринкастын «№7 арнайы мектеп – интернаты» КММ мұғалім-дефектологтері Лукьянова Кристина Витальевна, Череватенко Любовь Викторовна ұсынды.
Жұмыс тәжірибесімен танысу практикалық алаңдарда жалғасып, шеберлік сағаттарында «Флорариум - әйнектегі оазис» «№2 арнайы мектеп - интернаты» КММ мұғалім – дефектологтері, Даукишева Гүльмира Махановна, Зейнуллина Сандугаш Хужаназаровна, «Киіз басу» Адимова Айгуль Кудайбергеновна, Лукашина Инна Сергеевна, «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ мұғалім – дефектологтері театрландырылған іс-шараларды Мейрамова Ботагоз Бейсеновна, Макеева Елена Николаевна, Аманкелди Рысгул, Колова Наталия Вячеславовна, Комарова Елена Владимировна, Амиреева Лариса Елбосыновна «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ мұғалім – дефектологтері, ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша Бояубаева Аяулы Комековна, «№4 арнайы мектеп - интернаты» КММ, мұғалім – дефектологі, «Экотеатр» «№5 арнайы мектеп - интернаты» КММ педагогтері Мамышева Зинаида Жолдасовна, Рахимова Дина Сериковна, «Экобастама» «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ педагогтері мен тәрбиешілері: Ахметжанова Зульфия Жолдыкановна, Невенчанная Наталья Леонидовна, Хабарова Светлана Владимировна, Корюкина Светлана Валерьевна, Дауытова Жанар Дарибековна ұсынып, қайта өңделген материалдан мойынорамалдан қуыршақтарды жасау үлгілерін көрсетіп, көп жылғы іс- тәжірибелерімен бөлісті