Ұлы тұлға әлемнің екінші ұстазы атанған
Әбу Насыр Әл-Фарабидің айналысқан негізгі
ғылым салаларының бірі ол медицина
екені бәрімізге белгілі.
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 сәуір күні «Медицинаға қадам» жобасы аясында «Дені сау ұрпақ-болашақ кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға Қарағанды медицина университетінің, Қарағандыжоғары медициналықинтерколледжмамандары,Карағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау қалалары, Абай ауданы және «Жамбыл атындағы ММЛИ»медициналық сыныптардың педагогтері бір жылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша көрме жұмыстарын ұсынып, шебер сыныптарын көрсетіп, іс-тәжірибелермен бөлісті.
Бұл семинардың ең басты нәтижесі Қарағанды қаласы «Әл-Фараби атындағы МГ базасында «Мейірім тамшылары» атты медициналық кабинеттің ашылуы. Бұл кабинетте оқушылар кез-келген жағдайда алғашқы көмек көрсету шараларымен, қан-қысымын өлшеу, оқушылардың медициналық зерттеу жұмыстарымен айналысуға жағдай жасалынған.
Кабинеттің ашу мақсаты: оқушылардың медицина мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру, кәсіптік бағдарға жол ашу және медициналық сауаттылығын арттыру.
Семинар екінші бөлігінде «Денсаулық өмір негізі», «Химиялық элементтердегі құндылықтар», «Адам ағзасының - химиялық құрамы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан кері байланыс жасалып, пікірлерін айтты. Семинар жоғары деңгейде өткізілді.