Размер шрифта:
«Қазақстанның тарихы мен әдебиетіндегі ұлы есімдер» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
23-04-2024 09:21
«Қазақстанның тарихы мен әдебиетіндегі ұлы есімдер» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

      2024 жылдың 23 сәуірінде Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды ​​агротехникалық колледжімен бірлесе отырып кітапханашылардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасындағы ақын Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына және ғалым Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихы мен әдебиетіндегі ұлы есімдер» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырып өткізді.

Конференция «Әкей Марғұлан – ұлт мақтанышы» және «Ілияс Жансүгіров – ақын, қоғам қайраткері» екі секцияда және төрт бағыт бойынша өтті:

  1. «Әлкей Марғұлан - ғылым әлемін таң қалдырған археолог»;
  2. «Көп қырлы Әлкей Марғұлан»;
  3. «Ілияс Жансүгіров және  ұлттық-рухани құндылықтар»;
  4. «Ілияс  - сөз шебері»;

 «Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Т.Г.Нартова, «Қарағанды ​​агротехникалық колледжі» КМҚК директоры М.М.Хасенов алғы  сөз сөйлеп, шараны ашты.

Конференцияның пленарлық бөлімінде «Әлкей Марғұлан және қазақ ғылымы» тақырыбымен Айткенов З.Ш.,  Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Әлкей Марғұлан және Қазақстан археологиясы» тақырыбымен Шохатаев О.С.,  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы Сарыарқа институтының археология және этнография  мұражайының жетекші инженері баяндама жасады, сонымен қатар  І.Жансүгіров атындағы әдебиет мұражайының аға ғылыми қызметкері (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы) Смағұл Н.Б. конференция қатысушыларына Ілияс Жансүгіров мұражайына қызықты виртуалды экскурсия жасады.

Конференцияға қатысуға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 18 кітапханашылары мен қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушыларынан өтініш білдірді.

Конференцияға Қарағанды ​​облысы колледждерінен 48 оқытушы қатысты.

Қонақтар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанан атап көрсетті. Баяндамалар тақырыпқа сай таңдалған. Ұсынылған баяндамалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Конференциядан кейін әрбір қатысушы барлық презентацияларға қол жетімді, бұл қатысушылардың келешек жұмысында пайдалану үшін маңызды. Жұмыс қорытындысы бойынша  электронды мақалалар жинағы шығарылады.