Размер шрифта:
«Экологиялық білім баршаға қол жетімді» тақырыбында «Климаттық қобдиша» экологиялық сағаты
26-04-2024 09:37
 «Экологиялық білім баршаға қол жетімді» тақырыбында «Климаттық қобдиша» экологиялық сағаты

      «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2024 жылдың 26 сәуірінде «Экологиялық сауаттылық» айлығы аясында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен «Eko-Bolashak» экологиялық сынып эксперименттік  жобасына қатысатын білім беру ұйымдарының педагогтеріне «Экологиялық білім баршаға қол жетімді» тақырыбында  онлайн форматта «Климаттық қобдиша» экологиялық сағатын өткізді.

Экологиялық сағат барысында экологиялық өзгерістер,жаһандық жылынудың пайдасы мен зияны және «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында атқарылып жатқан экологиялық іс-шаралар туралы айтылды.

Спикер: Курмашова Меруерт Амантаевна, «Қарағанды облыстық экология орталығы ЭКОЦЕНТР» ҚБ директоры.