Размер шрифта:
«Кәсіптік бағдарлау сағаты – 2024» вебинарлар циклі
30-04-2024 17:22
«Кәсіптік бағдарлау сағаты – 2024» вебинарлар циклі

      Қазіргі уақытта жоғары сынып білім алушыларыныңкәсіби өзін-өзі анықтауы елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында жүріп жатыр. Табысты мансаптың негізгі шарттарының бірі болашақ мамандық пен оқу орнын дұрыс таңдауболып табынады.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы «Колледждерде кәсіптік бағдар беру» бағыты бойынша жұмыс шеңберінде оқу жылы ішінде мектеп түлектеріне кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізеді.

Сонымен, 2024 жылғы 18 сәуір мен 30 сәуір аралығында «Кәсіптік бағдарлау сағаты – 2024» вебинарлар циклі өткізілді.

Аталған іс-шараға Қарағанды облысының 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, сондай-ақ 120 орта білім беру ұйымдары қатысты. Оқушылар алдында облыс колледждері онлайн-форматта бейнероликтер мен электронды буклеттер көрсетті, онда оқу орны туралы барлық ақпарат, қызықты сандар мен фактілер, мамандықтар мен біліктіліктер туралы толық ақпарат берілді.