2024 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Жас әдіскер мектебі» (оқытудың екінші кезеңі) шеңберінде облыстық семинар өткізілді.
Семинар «Жобалау жұмысы – оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді нысаны» тақырыбы бойынша, жас әдіскерлердің әдістемелік жұмыстың жобалау жұмысында педагогтердің шеберлік деңгейін арттыру туралы білімдерін кеңейту және тереңдету мақсатында өтті.
Семинардың ашылуында «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры Рахимова Ж.З., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Т.Г. сөз сөйледі.
Кейін, колледж директоры Рахимова Ж.З. «Жас маман» форсайтингтік және инновациялар орталығы мен Worldskills құзыреттіліктерінің Open Space орталығына экскурсия, әдіскер Казкенова Б.М. - әдістемелік кабинетке экскурсия өткізді.
Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК жетекші педагогтары тыңдаушыларға келесі жұмыстарды ұсынылды::
- «Жобалау жұмысы – оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді нысаны» семинар-тренингі, Тусупова А.Т., директордың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары; Шамгулова С.Б., әдіскер;
- Оқытушылардың жобалық-зерттеу жұмысының презентациясы, Мадиева К.К. «QADAM бағдарламашылар мектебі» тақырыбында; Әкімбаева К.Е., «Косметикадағы химия» тақырыбында; Хамзе А.М., «Таужыныстары массивінің геомеханикалық жағдайын зерттеу және кен қазбаларының орнықтылығын қамтамасыздандыру» тақырыбында; Сулейменова Ж.К., «Қазақтың ою-өрнектері» тақырыбында;
- «Адамдардың қарым-қатынас жүйесіндегі жобалық әрекет» психологиялық тренингі. Рефлексия, Серикова С.К., педагог-психолог.
Семинар қорытындысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік оқыту бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина және колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е. А. Кашина семинар қорытындысын жасады, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді.
Семинарға облыс колледждерінің 19 әдіскері қатысты.