Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу туралы
22-05-2024 19:10
«WorldSkills Karaganda 2024» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу туралы

2024 жылғы 14-24 мамыр аралығында өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты – «WorldSkills Karaganda 2024» өтеді.

Байқау облыстық колледждері базасындағы 17 байқау алаңында өтеді. Өңірлік чемпионат 45 құзырет бойынша өтеді, оған 22 жасқа дейінгі 300-ден астам жас мамандар – колледж студенттері қатысады.

Чемпионаттың мақсаты: экономиканың өндірістік секторына жас кадрларды тартуға және еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету.

Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтерді тудырады, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлікті арттыру орталығына айналады.

Жарыс алаңдарына мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың  жұмыскерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа Қарағанды облысы мектептерінің білім алушылары келеді.