Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлесе отырып, 2016 жылғы 2 сәуірде балалар мен жастардың арасындағы ғылыми-техникалық шығармашылықтың және робототехниканы дамыту сұрақтары бойынша Халықаралық құрылымдалған сұхбат өткізді.
Халықаралық құрылымдалған сұхбатқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес құрылымдар, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Сербия Республикасының ғылыми-техникалық бағыттағы ұйымдарының өкілдері қатысты.
Халықаралық құрылымдалған сұхбатқа қатысушылар Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың Тұжырымдамалық тәсілдерін іске асыру мәселелерін, Қазақстан Республикасындағы білім беру робототехникасын дамыту жолдарын талқылады.
Іс-шара аясында Қарағанды облысының аймақтардағы робототехниканы дамыту бойынша оң іс-тәжірибесі презентацияланды.