2024 жылдың 03 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыонлайн форматта модульдік-құзыреттілік тәсілді пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын енгізуді жоспарлайтын облыстык колледждері директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына семинар өткізді.
Семинар барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыныңдиректорының орынбасары Татьяна Георгиевна Нартова білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру үдерісіндегі модульдік-құзыреттілік тәсілдің ерекшеліктерін атап өтті: жүйелі тәсіл, еңбек нарығының қажеттіліктерін және кәсіби стандарттардың талаптарын талдау; таңдалған саладағы табысты мансап үшін қажетті құзыреттерді анықтау; білім беру бағдарламасының тиімділігін және оның студенттер мен жұмыс берушілердің кері байланысына сәйкес бейімделу.
«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Елена Александровна Свердлова кәсіптік және салалық стандарттардың талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
«Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райхан Мукановна Ишанкулова модульдік-құзыреттілік форматта білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде модульдердің мазмұны мен оқу нәтижелеріне қатысты сөз сөйледі.
Семинарға облыстың колледжінің директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қамту 32 адамды құрады.
Сондай-ақ ББ тізіліміне білім беру бағдарламаларын енгізу, студенттердің өздері орындайтын жұмысы (СӨЖ) бойынша кредиттерді/сағаттарды бөлу және педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ПСӨЖ) және олардың мазмұны бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы шығарылып, ұсыныстар берілді.