"Балалар экспериментін ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зерттеу қызметін дамыту"
15-05-2024 10:00
      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 15 мамырында “Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым" жобасын іске асыру аясында облыстық семинар өткізді.
Семинарға Қарағанды облысының 9 өңірінен Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран, Балқаш, Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарынан 24 педагог қатысты.  Аталған семинарда Саран қаласының "Бақыт"  мектеп-кешенді бөбекжай балабақшасының жобасын іске асырудың бастапқы кезеңіндегі жұмыс тәжірибесі таныстырылды. "Дыбыспен тәжірибе", "Электр қуаты", "Ашыту, қызықты және пайдалы процесс" сияқты бағыттар бойынша жоғары және мектепалды топтардың балаларының ұйымдастырылған қызметі қаралды. Семинар қатысушыларымен "Scrum технологиясы ата-ана-бала- педагогтар» жумысын уйымдастырушылыты» "Электр және балалар", “Ашыту-ақылмен болса оңай және пайдалы", “Бояулар және балалардың хобби спектрі” атты қызықты шеберлік сыныптары өткізілді. Семинардың барлық қатысушылары жобаны одан әрі іске асыруда үлкен тәжірибе  алды.