Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Жас шебер» облыстық байқауы
13-05-2024 11:21
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы  «Жас шебер» облыстық байқауы

      2024 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшылығымен  Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылдарындағы білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «Жүрегіме жақын қала» тақырыбындағы «Көркем еңбек» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Жас шебер» облыстық байқауы өтті.

Мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, өздігінен еңбек етуге дайындау,талантты жастардың шығармашылық қабілетін ашу және насихаттау.

Байқауға Қарағанды облысы колледждерінен 36 студент қатысты.  Байқау «Графика», «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша өтті. 

 Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

 «Графика» номинациясы бойынша:

І орын - Куран Софья Александровна, «Теміртау жоғары медициналық колледжі»  КМҚК студенті;

ІІ орын - Казакова Елизавета Ильинична, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Сапаров Асет Идирисович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

«Кескіндеме» номинациясы бойынша:

І орын - Колесникова Яна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

ІІ орын - Байдильдина Камила Габдулькадировна, «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Ерікова Іңкәр Сапарқызы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

 «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша:

І орын - Туребекова Асем Кайркеновна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті;

ІІ орын - Какенова Даружан Жетписовна, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы - техникалық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Алтынбекова Диана Ералықызы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенті.

Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.