«Сандық басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзыреті бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы
14-05-2024 11:26
«Сандық басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзыреті бойынша  «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы

      2024 жылдың 14 мамырында Қарағанды ​​машина жасау колледжінің базасында «Сандық басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» облыстық чемпионатының ашылуы өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары: Жунусова Акмарал Абаевна – «Іңкәр-1» ЖШСHRменеджері, Бекболатов Шералы Бейсенбекович – «Maker КЛМЗ» ЖШС машиналарын бағдарламалау тобының бастығы, Глабай Вячеслав Викторович – «Қарағанды ​​турбомеханикалық зауыты» ЖШС цехының бастығы, Шапаров Артем Валерьевич – «KAZPOLIMER - LTD» ЖШС өндіріс бөлімінің бастығы.

Байқауға 4 колледжден 7 студент қатысады.

Бағдарламаға сәйкес чемпионаттың ашылуы, қатысушылар арасында жеребе және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша брифинг, қатысушыларды жарыс тапсырмасымен және нормативтік құжаттамамен таныстыру, сарапшылар жиналысы, «toolbox» тексеру, рөлдерді бөлу және жұмыс орнын дайындау жүргізілді.