Размер шрифта:
«Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңі
15-05-2024 13:31
«Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңі

      Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 15 мамырында Теміртау қаласындағы Қарағанды индустриалды университеті базасында «Бір отбасы - бір кітап» акциясы аясындағы «Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жаңғырту, өскелең ұрпақтың отбасылық рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, кітап оқитын отбасыларды анықтау.

Байқаудың ақтық кезеңіне іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған аудан/қала және мамандандырылған мектеп лицей-интернаттарынан 14 отбасы қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей орындар тағайындалды:

Гран-при – Тажибаевтар отбасы, «Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ

1-орын – Бекжановтар отбасы, Шет ауданы;

2-орын – Көшербаевтар отбасы, Саран қаласы;

2-орын –  Қайрат отбасы, «Мұрагер ММЛИ» КММ;

3-орын – Алпысбаевтар отбасы, «Жамбыл атындағы ММЛИ» КММ;

3-орын – Турсынбековтер отбасы, Балқаш қаласы;

3-орын – Шалтаковтар отбасы, «Мұрагер ММЛИ» КММ;

Номинациялар:

«Позитивті отбасы» - Кадыргалиевтар отбасы, Балқаш қаласы;

«Шығармашыл отбасы» - Қазар отбасы, Бұқар жырау ауданы;

«Креативті отбасы -  Бубельниковтер-Васильевтер отбасы, Саран қаласы;

«Өнерлі отбасы» - Алпысбай отбасы, Қарқаралы ауданы;

«Зияткер отбасы» - Рахметолла отбасы, Теміртау қаласы;

«Еңбекқор отбасы» - Ахмия отбасы, Абай ауданы;

«Көрермендер көзайымы» - Саматовтар отбасы, Қарағанды қаласы

Байқауға 500-ге жуық көрермен қатысты.