«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
15-05-2024 17:34
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

       2024 жылдың 15 мамырында Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Сырлау және декоративті жұмыстар», «Кірпіш қалау», «Өнеркәсіптік дизайн», «Сантехника және жылыту», «Жиһаз өндірісі» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының екінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.