2024 жылдың 15 мамырында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Музыканы оқыту» құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» аймақтық чемпионатының екінші күні өтті Бұл күні қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру» және «Шығармашылық баттл», «Мектептегі музыка сабағының үзіндісі» А-1, А-2, А-3 модульдері бойынша тапсырмаларды орындады.
Өзін-өзі таныстыру модулінде – қатысушы бейнеролик арқылы белгілі бір уақыт ішінде өзі туралы қысқаша айтып таныстырды.
Шығармашылық баттл модулінде – вокалдық және орындаушылық қабілеттерін (аспапты меңгеру деңгейі) екі жеке нөмірді орындау арқылы көрестті.
Мектептегі музыка сабағының үзіндісі модулінде – белгілі бір уақыт ішінде мектеп репертуарының әнін импровизацияланған мектеп ұжымымен үйренудегі кәсіби дағдыларын көрсетті.
Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар қатысушылардың конкурстық тапсырманы орындауын чемпионаттың бағалау ережелеріне сәйкес критерийлер бойынша бағалады.