Размер шрифта:
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» ФОРУМЫ АЯСЫНДА «ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
14-05-2024 17:46
«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» ФОРУМЫ АЯСЫНДА «ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылы 14 мамырда офлайн режимінде «Болашаққа жолдама» форумы аясында «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Байқауға облыстың 6 өңірінен: Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Қарқаралы, Нұра және Шет аудандарынан 9 педагог пен кәсіптік бағдар беру жұмысын үйлестірушілер қатысты.

Іс-шара білім беру ұйымдары мен колледждер арасында Үздік кәсіптік бағдар берушіні анықтау, Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздеу, өңірлік еңбек нарығының сұранысын ескере отырып мамандықтарды дәріптеу және оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

«Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауының тоғыз финалисі келесі орындарды өзара бөлісті:

І Дәрежелі Диплом:Давлятова Р.С., Теміртау қ. «№ 9 Лицей» КММ

ІІ Дәрежелі Диплом:

1. Сағындықова А.Ж., Шет ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі» КММ;

2. Пиджигитова А. Т., Қарағанды қ. «№ 6 арнайы мектеп-интернаты» КММ;

ІІІ Дәрежелі Диплом:

1. Морозова М.В., Шахтинск қ. «Оқушылар сарайы» КМҚК

2. Ибраева Р. К., Малмалаева С. В., Теміртау қ. «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК

3. Муслимова Г.С., Қарқаралы ауданы «Мәди Бапиұлы атындағы № 44 жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Сертификатар:

1. Әбеуова А.Ш., Нұра ауданы «Р. Қошқарбаев атындағы ЖББМ» КММ

2. Винокурова О.В., Теміртау қ. «Балалар технопаркі» балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі» КМҚК.

3. Байкенова А.Ж., «Жас Ұлан» Қарағанды республикалық мектебі;

Барлық ұсынылған жұмыстар өзіндік ерекшелігімен, кәсібилігімен және шығармашылық тәсілімен ерекшеленді. Облыстық кезең жемісті ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу атмосферасында өтті.

Біз барлық қатысушыларға белсенділігі, ынта-жігері және өз ісіне бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз!