«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Өскелең ұрпақтың жалпыадамзаттық өмірлік құндылықтарын дамыту» ғылыми-практикалық конференциясының Пленарлық отырысы
17-05-2024 16:10
 «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Өскелең ұрпақтың жалпыадамзаттық өмірлік құндылықтарын дамыту»  ғылыми-практикалық конференциясының Пленарлық отырысы

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 17 мамырда «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Өскелең ұрпақтың жалпыадамзаттық өмірлік құндылықтарын дамыту» атты ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысын өткізді.

         Конференция жұмысы барысында оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылды, проблемалар және нақты перспективалар анықталды, жетістіктер көрсетілді. Конференция жұмысына Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатысты.

         Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна сөз алды, ол қосымша білім беруді дамытудың негізгі тәсілдерін атап өтті. Жаһандану және Цифрландыру дәуірінде тарихи және ұлттық бірегейлікті сақтау жайында «Ұлттық құндылықтар академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы тоқталды. Қарағанды облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытудың проблемалары мен перспективалары туралы Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды университетінің арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (Ph.D), инклюзивті білім беру ресурстық орталығының басшысы Айнагүл Рымбекқызы Рымханова айтып берді, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жұмысын және облыс бойынша өткізілетін іс-шараларды іске асыру  туралы Сухотеплов Евгений Олегович №1 гимназия, Жуматаева Акгул СоветовнаМ. Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары нәтижелерімен бөлісті.

         Мұндай іс-шаралар педагог қызметкерлерге кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға, кәсіби деңгейін арттыруға, зерттеу жұмыстарын ұсынуға және талқылауға мүмкіндік береді. Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді.