2024 жылғы 16 мамыр айында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыруда өскелең ұрпақтың жалпыадамзаттық өмірлік құндылықтарын дамыту» Қарағанды облысы педагогтерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясының алғашкы күні өтті.
Конференция бірнеше пікірталас алаңдарын қамтыды.«Бүгінгі білім беру: тұлғаны құндылықтарға бағыттап оқыту» атты екінші пікірталас алаңында тоғыз баяндама тыңдалды. Секция қатысушылары білім берудің әртүрлі деңгейлері қамтыды: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және орта. Талқылауға Қарағанды, Балқаш қалаларының, сондай-ақ Абай, Нұра, Шет аудандарының білім беру ұйымдарының спикерлері қатысты.
Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Алибаева Г.С., Мықышева Г.Е. «Халық педагогикасының тәрбие құралы – асық ату ойыны» атты жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Қарағанды қаласындағы №53 мектеп-лицейінің мұғалімі Жуковская Н. Ю. оқушылардың жобалық іс-әрекетін дамыту жүйесінің тиімділігіне тоқталды.
Ключникова Л.Н., Калиниченко Л.Г. Қарағанды қаласының Қ.Нұржанов атындағы гимназия мұғалімдері өз сөзінде Lesson study әдісін бастауыш мектепте енгізу нәтижелерімен бөлісті.
«Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған лицей-интернатының» информатика, география, тарих пәндерінің мұғалімдері Ибраева Ж.Б., Тулешова Қ.А., Тарыбаева А.Қ. «Виртуалды тур оқушыларды туған өлкемен таныстыру құралы ретінде» деген тақырыбы барлығын қызықтырды.
Конфренция катысушылар Нұра ауданындағы Р.Асубаев атындағы ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Уашевтың А.Қ. «Балаларды стратегияға, шыдамдылыққа және аналитикалық ойлауға үйрету» атты баяндамасын атап өтті. Баяндамада мұғалім шахмат ойынының оқушының ойлау қабілетіне әсер ету ерекшеліктері туралы айтты.
Пікірталас алаңының жұмысы қызықты және жайлы атмосфера өтті. Барлық қатысушыларда бір-біріне сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік болды.