Размер шрифта:
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» аймақтық чемпионаты
17-05-2024 17:35
«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» аймақтық чемпионаты

2024 жылдың 17 мамырында Қарағанды технология және сервис  колледжінің базасында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Karaganda-2024»  аймақтық чемпионатының үшінші  жарыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

 Қатысушылар 4 модуль бойынша «Көйлектің макетін жасау» конкурстық тапсырмасын орындады.

Жоғарыда аталған құзыреттілігі бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды, жұмыс бағаланды, деректер CIS базасына енгізілді, қатысушыларға сертификаттар берілді, келесі жылға бас сарапшы және бас сарапшының орынбасарын сайлауы өтті.