WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУЫ
20-05-2024 10:39
WORLDSKILLS KARAGANDA-2024 АЙМАҚТЫҚ   ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2024 жылдың 20 мамырында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Графикалық дизайн», «Шаштараз өнері» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Чемпионатқа облыстың 14 колледжінен 15 студент қатысатын болады.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау өткізілді.