Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының ашылуы
21-05-2024 10:48
«WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының ашылуы

2024 жылдың 21 мамырындаШахтинск технологиялық колледжінің базасында«Электроника» және «Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыреттіліктері бойынша «Worldskills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы өтті.

«Электроника» құзыреттілігіне 7 колледжден 7 студент қатысады: «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КМҚК, «Теміртау техникалық колледжі» КМҚК, «Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды технологиялар және сервис колледжі» КМҚК, «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды тау-кен индустриялық колледжі» КМҚК.

«Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу» құзыретіне 6 колледжден 6 студент қатысады: «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды техникалық-экономикалық колледжі» ЖМ, «А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы «Инновациялық технологиялар колледжі» АЕҚ, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі»  КМҚК, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, жұмыс орнын дайындау, қатысушыларды конкурстық тапсырмалармен таныстыру өткізілді.