Размер шрифта:
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
21-05-2024 10:51
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

2024 жылдың 21 мамырында «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖМ базасында  «Мобильді робототехника», «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының екінші күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына тапсырма бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, әр құзырет бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Екінші күннің қорытындысы бойынша сарапшылар 1 және 2 модуль критерийлеріне сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.