Размер шрифта:
«Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионаты
21-05-2024 09:53
«Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионаты

2024 жылдың 21 мамырында Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде «Қонақ үй ресепшионисті» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионатының екінші күні өтті. Бұл күні қатысушылар келесі модульдер бойынша жұмыс көрсетті: «Жұмысты ұйымдастыру және талдау, өзін-өзі басқару», «Байланыс, клиенттерге қамқорлық көрсету және тұлғааралық дағдылар», «Қонақүйлерді брондау және кірістерді басқару процедуралары», «Тіркелу процедуралары», «Әкімшілік және бэк-офис процедуралары».

Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, өздері, хоббиі мен қызығушылықтары туралы қысқаша айтып берді.

Бұдан әрі байқау жұмысы бағдарламаға сәйкес жүргізілді.

Күннің соңында сарапшылар қатысушыларды чемпионаттың бағалау ережелеріне сәйкес критерийлер бойынша бағалады.