29 қазан күні Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Құндылықтарды негіздеу арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
30-10-2014 10:51

Семинардың мақсаты:  азаматтық жауапкершілікті сезінетін,  Отансүйгіш,  бәсекеге қабілетті ,  биік адамгершілік қасиеттерін  бойына дарытқан жоғары мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастырудың жолдары және әдіс-тәсілдерін көрсету. Семинарға Қарағанды облысы ББД ОӘО ҚББжҰТИД бөлімініңәдіскері Копбаева Г.С. қатысты.

Семинарға   Қарағанды облысының  жалпы білім беретін мектептерінен 100 адам - мектеп директорларының  тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, интернат меңгерушілері, әлеуметтік қызметкерлермен  қоса Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесі таратылатын базалық  №3,  №93   орта мектептер мен дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі және Нұра ауданының  Киевка кентіндегі №2 орта мектептері қатысты.

Семинар  барысында  «Атамекенім - алтын бесігім»,  «Көшбасшы болатын мезгіл жетті»  « Мы разные но мы вместе »  тағыда  басқада атаулармен  ашық куратор сағаттары өткізілді.  Сонымен қатар келген қонақтарды, мектептің  телестудиясы,  әр түрлі үйірмелердің  жұмыстарымен таныстырды және  мектептегі шахмат, дебат, таэквандо,теннис  клубтарының жұмыстары көрсетілді. Семинар қатысушылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен танысты.