Размер шрифта:
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ
21-05-2024 11:26
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» ӨҢІРЛІК КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

 2024 жылдың 21 мамырында Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің базасында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» аймақтық чемпионатының екінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзырет конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.