Размер шрифта:
«Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреті бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы
21-05-2024 10:28
«Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреті бойынша «WORLDSKILLS KARAGANDA-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы

2024 жылғы 21 мамырда «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базасында «Жүк техникасына қызмет көрсету» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2024» өңірлік чемпионатының ашылуы өтті, оған қала мен облыстың тоғыз колледжі қатысады. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту, қатысушыларды еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен, конкурстық тапсырмамен және нормативтік құжаттармен, сонымен қатар жұмыс орны және құрал-жабдықтармен таныстыру өткізілді.