«Бизнеске арналған ІТ-шешімдер», «Зертханалық және химиялық талдау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» құзыреттері бойынша колледж студенттері арасында өңірлік кәсіби шеберлік WorldSkills Karaganda-2024 чемпионатының ашылуы
21-05-2024 12:31

21.05.2024 «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында «Бизнеске арналған ІТ-шешімдер», «Зертханалық және химиялық талдау», «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» құзыреттері бойынша колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік өңірлік Worldskills Karaganda чемпионатының ашылуы өтті. Қарағанды облысының ОӘО(оқу-әдістемелік орталығы) директорының орынбасары Т.Г. Нартова мен колледж директоры С.Е. Ақбергенованың сөздері қатысушыларды жеңіске бағыттады.

Байқауға «Бизнеске арналған ІТ-шешімдер» - 5 адам, «Зертханалық және химиялық талдау» - 5 адам, «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары» - 4 адам қатысады.

Бұл күні қатысушылар чемпионат өткізілетін алаңмен танысты, қатысушыларға қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелеріне нұсқау берілді, конкурстық орындарды бөлу бойынша таңдау өткізілді, қатысушылардың тулбокстары тексерілді және тиісті хаттамаларға қол қойылды.