2016 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды машина жасау колледжінде дене шынықтыру пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Отырысты алғысөзбен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.А. Еставлетова мен дене шынықтыру пәні ОӘБ жетекшісі Б.Н. Полынько бастады.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің спорттық дайындық дене шынықтыру пәнінің әдістемесі мен теориясы кафедрасының профессоры Киспаев Тоқтар Атамбаевич қатысушылар назарына «Кәсіби-техникалық колледждердің оқу үрдісінде дене шынықтыру пәнін» ұйымдастыру тақырыбында баяндама ұсынды.
Ал, «Фемида» заң колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Р.Ж. Ергалиев «Оқушылар мен студенттердің денсаулығын сақтау технологиясы» жайлы, Қарағанды машина жасау колледжінің оқытушысы С.Т. Бекжигитов техникалық мамандықтарға арналған жаттығулар кешені туралы баяндады.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
· «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі – М.Я. Баюшкина Қарағанды коммерциялық колледжінің оқытушысы.
· «Тәні саудың – жаны сау» - А.С. Кочетова Қарағанды машина жасау колледжінің педагог-психологы.
Отырыс жұмысына Қарағанды облысы колледждерінен 25 оқытушы қатысты.