Размер шрифта:
«Мен бақытты баламын» жобасы аясында «Балалардың іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін қалыптастыру»
23-05-2024 13:52
«Мен бақытты баламын» жобасы аясында «Балалардың іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін қалыптастыру»

      23.05.2024 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК  «Думан» бөбекжайы» КМҚК-мен бірлесіп «Балалардың іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық аймағын тиімді құралдар мен әдістерді қолдану арқылы дамыту және түзету үшін жағдай жасау.

«Мен бақытты баламын» жоба аясында өткізілген облыстық семинарда Қарағанды облысы бойынша балабақша қатысушылары 26 адамды құрады.

Семинарда Қарағанды қаласындағы «Еркетай» және «Думан» бөбекжайларының іс-тәжірибесінен ұсынылды, онда мектепке дейінгі балалардың эмоциялары мен сезімдерін дамыту саласындағы өзекті мәселе бойынша  мультфильмдер, танымдық ойындар, этюд арқылы эмоция көрсету және көлеңке театры көрсетілді. Сондай-ақ «Еркетай» бөбекжайы мен «№1 Оңалту орталығы» КММ және «№5 КББМО» КММ-мен сабақтастығы көрсетіліп, онда «Балаларды мектепке эмоционалды дайындау» тақырыбында балабақша мен мектептің сабақтастығы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.    

Семинар белсенді және эмоционалды көңіл-күйде өтті, семинар қатысушылары «Еркетай» және «Думан» бөбекжайларының жұмысын жоғары кәсіби деңгейде бағалады.