Размер шрифта:
«DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатоны
27-05-2024 18:11
«DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатоны

     2024 жылдың мамыр айының 27 күні Қарағанды облысы мектептерінің информатика, робототехника мұғалімдеріне және инженерлері мен информатика кабинеттерінің лаборанттарына арналған «DIGITAL TEACHER» білім беру Хакатоны басталды.

  Хакатонның мақсаты: білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды насихаттау, инновациялық технологияларды қолданатын мұғалімнің имиджін арттыру және диалогты дамыту, педагогикалық қоғам арасындағы әріптестік қатынастарды кеңейту. 3 күн ішінде педагогтер жаңа жоба әзірлейтін болады.

      Хакатонның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!