Размер шрифта:
Колледж әдіскерлеріне арналған практикалық семинар
29-05-2024 14:54
Колледж әдіскерлеріне арналған практикалық семинар

      202жылдың 2мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде «Педагогикалық және әдістемелік идеялардың калейдоскопы» тақырыбындағы практикалық семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті, педагогикалық менеджментті дамытуға және біліктілікті арттыруға, педагогикалық қызметтің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері мен колледждердің жетекші педагогтеркелесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:

-   «Озық педагогикалық тәжірибені анықтау, зерттеу, жалпылау және тарату процесін оңтайландыру», Нартова Т.Г., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы» КМҚКдиректорының орынбасары;

- «Педагогикалық тәжірибені тарату нысандары», Кашина Е.А., әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК әдіскері; Кнашина А.А., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

- Жобалық қызмет - білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді нысаны», Тусупова А.Т., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

- «Бағдарламалауды зерттеуде жасанды интеллектті қолдану», Кузембаева А.Ж., «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;

- «Студенттің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетіне мотивация факторы ретінде», Паныгина И.В., «Теміртау «Мирас» көпсалалы колледжі» ЖММ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

- «Шет тілін оқытудың инновациялық әдістері», Шамшиева Г.Б., «Теміртау «Мирас» көпсалалы колледжі» ЖММ ағылшын тілі оқытушысы;

- «Visual Grammar» студенттердің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде», Базылевская А.С., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КМҚК ағылшын тілі оқытушысы;

- «Тәжірибені тарату. Әдістемелік әзірлемені қолдану: құзыреттілік көзқарас тұрғысынан оқу сабақтарының аудит картасы»; Капанова И.Х., «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы.

ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 43 әдіскері қатысты.

Семинар жұмысын қорытындылаған кездегі кері байланыс колледж педагогтерінің инновациялық әдістер мен тәсілдерді жоғары деңгейде меңгергендігін және оларды оқу процесінде белсенді қолданатындығын көрсетті.