Размер шрифта:
Мағжан Жұмабаев атындағы «Білім шыңы» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада
12-06-2024 14:53

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру оқушылардың логикалық, шығармашылық, сыни ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2024 жылдың 11-12-13 маусым күндері жазғы мектеп аясында Мағжан Жұмабаев атындағы «Білім шыңы» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиада өтеді.  

Олимпиада ережесі оқу әдістемелік сайтында бастауыш білім беру бөліміне орналасқан. Облысымыздың бастауыш сынып мұғалімдерін «Білім шыңы» олимпиадасына және жазғы мектеп аясында өтетін шеберлік сабақтарына белсенді қатысуға шақырамыз.