Размер шрифта:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
31-05-2024 16:36
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

      31 мамырда инклюзивті білім беру мәселесіне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін қорытынды әдістемелік күн өткізілді.

Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:

- Қарағанды облысының «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасыныңинклюзивті білім беру бөлігіндегітармақтардың орындалуы;

- білім беру ұйымдарында қолжетімділік пен инклюзивтілікті қамтамасыз ету (Қыстаубаева А.З.Шахтинск қ.);

- Қарағанды, Шахтинск, Балқаш, Теміртау қалаларының, Осакаров және Шет аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің базасында инклюзивті білім беруді дамытуресурстық орталықтарын ашу;

- мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда педагогтергеәдістемелік көмек көрсету (У.Н. Исатаева Қарағанды қ., Д.Т. Байгужина Приозерск қ.).

- 2023-2024 оқу жылын қорытындылау, білім бөлімдері әдіскерлерінің есептері (Е.А. Коробова Саран қ., М.О. Жүнісова Балқаш қ., А.Р. Байдалиева Осакаров ауданы);

- инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша одан әрі жұмысты жоспарлау.

Іс-шара таза ауада тимбилдингпен аяқталды, оның барысында әдіскерлер Я.Ю.Гешеле., А.З.Кыстаубаева барлық қатысушыларға тамаша көңіл-күй мен көптеген жағымды эмоциялар сыйлаған түрлі тренингтер, ойындар өткізді.