«Педагогтердің экологиялық құзыреттілігін арттыру»
03-06-2024 17:30
«Педагогтердің экологиялық құзыреттілігін арттыру»

        Теміртау қаласында  Қарағанды ​​облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім беру бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру апталығы аясында семинар өткізді.  Семинарда Ақтоғай ауданы «Айгөлек» балабақшасы, Теміртау қаласының «Алтынай», «Кораблик», «Айгөлек», «Нұрай», «Гүлдер», «Ұяша» балабақшаларының тәрбиешілері жұмыс тәжірибелерімен таныстырды. Шеберлік сабақтары, «Экологика» квизі, нейрогимнастика, шығармашылық шеберлік өткізілді. Семинар соңында Теміртау қаласының «Қысқы бағына» экскурсия жасалды. Семинарға Шет, Ақтоғай, Бұқар-жырау аудандарынан, сонымен қатар Саран, Қарағанды, Шахтинск қалаларынан 35 адам қатысты.