Размер шрифта:
«Теміржол өнеркәсібі: басымдықтар, технологиялар және перспективалар» тақырыбындағы халықаралық қашықтық конференциясын
14-06-2024 15:00
«Теміржол өнеркәсібі: басымдықтар, технологиялар және перспективалар» тақырыбындағы халықаралық қашықтық конференциясын

  2024 жылдың14 маусымда Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды теміржол колледжімен бірлесіп облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы шеңберінде «Теміржол өнеркәсібі: басымдықтар, технологиялар және перспективалар» тақырыбында «Теміржол көлігі»  бағыты бойынша халықаралық қашықтық конференция өткізді.

   Конференцияның мақсаты: теміржол көлігін дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерге ынталандыруды қалыптастыру, педагогтер мен студенттердің талдамалық және сыни ойлауын дамыту, теміржол көлігінің жаңа жетістіктеріне қызығушылық танытатын оқытушылар мен студенттер қауымдастығын ұйымдастыру және дамыту.

  Конференцияға төрт бағыт бойынша студенттермен бірлесіп 20 педагог қатысты, оның ішінде Ресей Федерациясынан 8 жұмыс және Беларусь Республикасынан 1 жұмыс.

 Пленарлық бөлімде сөз сөйлеу үшін «Теміржол көлігі» бағыты бойынша педагогикалық жұртшылық үшін ерекше қызықты және маңызды тақырыптары бар 15 жұмыс таңдалды.

  Конференция соңында педагогтер мен студенттер пікір алмасатын диалог алаңы ұйымдастырылды.