Размер шрифта:
«Аман қалу бағыты» құтқару көпсайысы бойынша ашық ведомствоаралық жарыстары
17-06-2024 16:02
«Аман қалу бағыты» құтқару көпсайысы бойынша ашық ведомствоаралық жарыстары

   2024 жылдың 12-14 маусым аралығында «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  басшылығымен, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша студенттері арасында және кәсіби авариялық-құтқару қызметтері«Аман қалу бағыты» құтқару көпсайысы бойынша ашық ведомствоаралық жарыстар өткізілді.

  Жарыстың мақсаты: іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарының үздік студенттері мен мамандарын анықтау және қолдау.

  Жарыс 2 арақашықтық бойынша өткізілді:

1. Техногендік ортада авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу

2. Жергілікті жердегі іздестіру-құтқару жұмыстары («Тауға жүгіру», «Су кезеңі»).

  Жарысқа Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайларда қорғау» мамандығы бойынша студенттерінен, 52859 әскери бөлімінің құтқарушыларынан, Қарағанды қаласы, Теміртау, Топар кентінің жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан 12 команда қатысты.

 Жарыстың ашылу салтанатында «Іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарының үздік студенттері мен мамандарын анықтау және қолдау» тақырыбы бойынша «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры Ж.Рахимова сөз сөйледі, «Студенттер мен мамандардың спорттық дайындық деңгейін арттыру, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру туралы» тақырыбында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі орынбасары Т.Нартова,«Көпсайыс, спорттық бағдарлау, іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстарға қатысушылардың техникалық және тактикалық шеберлігін арттыру туралы» тақырыбында төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н.Шәкенов сөз сөйледі.

  Нәтижелер команданың барлық номинациялар бойынша жинаған орындарының ең аз ұпай бойынша жалпы есепте айқындалды. Нәтижесінде төрешілер жеңімпаздарды анықтады:

 1 орын - ЖБО «Қарағанды» БК командасы;

 2 орын - 52859 әскери бөлімі;

 3 орын - «Вершина» ҚЖПТК.

   1, 2 және 3 орын алған командалар  «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ дипломдарымен, номинациялар бойынша жеңімпаздарды Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің кубоны және грамоталарымен марапаттады.