«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңінің қорытынды семинары
20-06-2024 12:05
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңінің қорытынды семинары

     202жылдың 20маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде тыңдаушыларды оқытудың екінші кезеңініңқорытынды дәрісіөткізілді. Дәріс семинартүрінде,  мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етуге бағытталған колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу кезінде әдіскерлердің педагогикалық шеберлік деңгейін арттыру; педагогикалық шеберлік конкурстарына дайындық және қатысу процесінің өзекті мәселелерін айқындау мақсатында,«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін педагогикалық шеберлік конкурстарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша өтті.

   Семинар басында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Т.Г. Нартова алғысөз сөйледі.

  Әрі қарай, бекітілген бағдарламаға сәйкес тақырыптар бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар ұсынылды:

  1. «Педагогикалық шеберлік конкурстарына педагогтердің қатысуының маңыздылығы туралы», Кнашина А.А., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері, Кашина Е.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері, әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
  2. «Педагогтердің педагогикалық шеберлік конкурстарына қатысуы кәсіби өсуге ынталандыруды арттыру құралы ретінде», Жуманов М.М., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері, Майсатов С.М., «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
  3. «Үздік ІТ-сабақ» байқауының мазмұны мен негізгі кезеңдері», Абдрахманова С.В., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК  арнайы пәндер оқытушысы;
  4. «Стресске төзімділік және педагогтің эмоционалды жағдайын қолдау», Сопыжан Г.Е., «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы.

   Облыстық әдіскерлер әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е. А. Кашина рефлексия жүргізіп, жас әдіскерлердің кәсіби қиындықтарды анықтау үшін «шығу» сауалнамасына талдау жасады, келесі оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылады.

   Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері А.А. Кнашина «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде оқуды сәтті аяқтаған 13 жас әдіскерге оқытудың екінші кезеңінен өткендігі туралы сертификаттар табыстады.