2024 жылдың 19 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру бойынша облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерімен отырыс өткізді.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу–әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат бойынша сөз сөйледі.
Әрі қарай, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, «Ә.Мусин атындағы гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды «Bolaschaq» жоғары колледжі» ЖММ, «Теміртау көпсалалы «Мирас» колледжі» ЖММ өкілдері педагогикалық колледждерде «Мұғалім болу - мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасын іске асыру барысында ағымдағы оқу жылындағы атқарылған жұмыстар туралы ақпараттарын ұсынды.
Отырыс барысында ағымдағы оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша екі колледж («Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК) жобаны іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу–әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Отырыстың соңындақорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.
Отырыс жұмысына жоба қатысушылары болып табылатын облыстың 5 педагогикалық колледжінің педагогтеріқатысты.