«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» атты білім беру ұйымдарындағы тәрбие мамандарының біліктілігін арттыру семинары
21-06-2024 18:15
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» атты білім беру ұйымдарындағы тәрбие мамандарының біліктілігін арттыру семинары

   Маусым айының 19-21 күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» атты білім беру ұйымдарындағы тәрбие мамандарының біліктілігін арттыру семинары өтті.

   Үш күндік семинар жұмысының барысында әр өңірден келген білім басқармаларының өкілдері, оқу-әдістемелік орталығының басшылары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы өзгерістер мен толықтырулармен танысып, жаңа оқу жылында бағдарламаның іске асырылуы талқыланды. Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан әр өңірден келген мамандарға нақты тапсырмалар берілді.