Размер шрифта:
2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыс тобының отырысы
27-06-2024 15:40
2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыс тобының отырысы

   2024 жылдың 27 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының жұмыс тобының  онлайн-отырысын өткізді.

  Отырыс барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыдиректорының орынбасары Нартова  Татьяна Георгиевна жұмыс топтары жұмысының нәтижелілігіне баға берді. Сондай-ақ, директорлардың жас орынбасарларының оқу жұмысының әртүрлі аспектілері бойынша кәсіби дамуына және құзыреттілік деңгейін арттыруға жәрдемдесу үшін «Тәлімгерлік мектебін» құру туралы мәселеге тоқталды.

   Отырыста облыстық әдістемелік бірлестіктің төрайымы Свердлова Елена Александровна 2023-2024 оқу жылындағы жұмысты қорытындылады.

   Жыл бойы жұмыс тобы келесі жұмыстарды жүргізгені атап өтілді: директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін әдістемелік ұсынымдар жобасын әзірлеу, бірқатар пәндер бойынша білімнің бастапқы бөлімдеріне тапсырма әзірлеу, кәсіптік стандарттарды қолдану, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

   Жұмыс тобының мүшелері 2023-20204 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының сараптамасына қатысып, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының  Алғыс хатттарымен аталып өтті.

 Отырыста директорлардың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында кәсіби шеберлік конкурсын, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылына арналған инновациялық жобалар конкурсын өткізу мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалды.

 Отырыс соңында 2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы бойынша жұмыс тобының қатысушыларымен 2024-2025 оқу жылына арналған директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларыныңжұмыс тобы қызметінің мазмұны бойынша ұсынымдар енгізілді.

Отырысқа жұмыс тобының 14 мүшесі қатысты.