Размер шрифта:
Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы
14-08-2024 10:36
Қарағанды облысының математика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы
      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 14 тамызында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» атты Қарағанды облысы педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында математика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді.
Секциялық отырыстың тақырыбы: Білім берудегі инновациялар: жасанды интеллект арқылы оқу процесін өзгерту.
Мақсаты: Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін игеру және оларды оқу үдерісінде жүзеге асыру арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Секциялық отырыс барысында Астана қаласы, «Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM school мектеп- лицейі» КММ директорының оқу - ісі жөніндегі   орынбасары Курманова Махабат Оразаевна «Білім берудегі жасанды ИНТЕЛЛЕКТ: оқу процесінде ChatGPT, Polypad, Mathway, Qalan және GAMMA қосымшаларын қолдану» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Математика пәні мұғалімдерінің секциялық отырысы аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- Қарағанды облысында ББД ОӘО  жұмысының нәтижелерінің талдауы; 
- 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспары. 
- 2023-2024 оқу жылындағы «Математика» пәнінің білім сапасының талдауы;
- құндылыққа негізделген білім беру;
- оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту тәсілдері;
- математика сабақтарында сандық технологияларды қолдану;
- оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану;
- «Нысаналы мектеп» жобасының жүзеге асырылуы;
- «Цифрлық ұстаз» жобасының жүзеге асырылуы;
- «Қашықтықтан математика» облыстық жобасының жүзеге асырылуы.
Сондай-ақ, облысымыздың әдіскерлері, жетекші мұғалімдері және жас мамандары да өздерінің тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері
Пинчук Лариса Григорьевна, Қарағанды облысы математика пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы, Қарағанды қаласы «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі
Ботабекова Мақпал Мейрамбекқызы, Қарқаралы ауданы «Бақты ауылы №21 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі 
Кадысева Евгения Михайловна, педагог-шебер Теміртау қаласы «№1 Гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі 
Антипкина Елена Михайловна, Абай ауданы «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі 
Бурча Мектеп, Шахтинск қаласы «С. Сейфуллин атындағы мектеп – гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі 
Садыкова Жанар Ескаиевна, Балқаш қаласы «№4 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі 
Ковалевская Ольга Николаевна, Қарағанды қаласы, «№30 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі